ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАУЫТ АВТОБУСТАРДЫ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ БЕЙІМДЕЙДІ

Машина жасаудағы өз өндірісінің артықшылықтарының тек техниканың, толымдаушылардың немесе қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне қол жетімділігінде ғана емес. Дайын өнімге қарағанда оның үлкен артықшылықтарының бірі, жергілікті жағдайларға бейімделу мүмкіндігі.


Мәселен, бұрын еліміздің жылы оңтүстік өңірлерінде ғана пайдаланылатын SAZ LE60 пневмо-автобустарының жоғары жайлылығы ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан үшін де қолжетімді болады.
Отандық өндіруші серіктестермен бірге кез-келген ауа-райына сәйкес келетін көліктің арнайы түрін жасауға кірісті.

Қостанай зауыты Қазақстан өңірлерінің жеке сұраныстарына сай SAZ автобустарының кез келген жинақталымын жүзеге асыруға дайын.

Бүгін жоба аясында "СарыаркаАвтоПром" ЖШС мен "Samauto" БК ЖШҚ арасында ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды.

"Біз еліміздегі автобус парктерінің тозу мәселесін білеміз. Оның шешімі қол жетімді жолаушылар техникасын өндіруде жатыр. Шығарылатын өнімді таңдауда біз техникалық сипаттамаларға сүйенеміз – Euro V экологиялық класы және жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Барлық осы талаптарға жаңа LE60 автобусы толық жауап береді, сондықтан оны Қазақстандағы маршруттарда күтеміз", - деп атап өтті «Аллюр» КТ президенті Оксана Холстинина.

Автобустарды шығару ағымдағы жылдың екінші жартысында басталады және жыл соңына қарай тараптар 200 бірлік техника шығаруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ал, келесі жылы бұл санды екі есеге көбейтпек.