Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РОССИЯ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды дамытуды жалғастырады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен, қазақстан-ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.


Сапар барысында өңірді мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, автомобиль жасау саласындағы, ауылшаруашылық техникасы өндірісінің, сонымен бірге компоненттік базаның жаңа алдыңғы қатарлы жобалары табысты жұмыс істейтін және іске қосылуға дайындалып жатқан, аймақтың өнеркәсіптік мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен, «СарыаркаАвтоПром» зауытында АВТОВАЗ президенті Николя Мордың қатысуымен, LADA автомобильдерін бірлесіп шығару бастау алды. Демек, зауыттың өндірістік алаңында LADA автокөліктерінің барлық модельдері: Niva Travel, Niva 4х4, Vesta, X-RAY, Largus и Granta шығарылатын болады.


LADA Granta автомобильдерінің өндірісі автокөліктерді бояу операцияларын қолданумен қатар, шағын торапты әдісін (CKD) қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта отандық зауытта LADA автомобилін оқшаулауды одан әрі арттыру мақсатында, осы модельдің шанақтарын дәнекерлеу бойынша жоғары технологиялық өндірістік операцияларды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндіріс үшін қажетті оқытудан өткен жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Үкіметтік делегация «Рено Россия» бас директоры Ян Птачектің қатысуымен, жақында Arkana және Kaptur модельдерін шығару жөнге келтірілген, «СарыаркаАвтоПром» зауытындағы Renault өндірістік желісінің жұмысын қарап шықты.