Қостанайлық зауыт қызметкері әлем чемпионы атанды

Қостанайлық Жалғас Ибрагим 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде абсолютті нақты жекпе-жектен бірінші Әлем чемпионатында жеңіске жетті.


Чемпионат 22-24 қазанда Мәскеу маңындағы Одинцов қаласында өтті. Жарысқа 17 мемлекет пен республикадан 300-ге жуық мықты жауынгерлер қатысты.

Жалғас Ибрагим 24 жаста, «СарыарқАвтоПром» втомобиль зауытының шанақтарын бояу цехы агрегатының бояу - кептіру желісінде оператор болып жұмыс істейді.

Нақты жекпе-жек – бұл жекпе-жектің заманауи және тез дамып келе жатқан түрі, ол толыққанды жекпе-жектер үшін танымал бола бастады. Жарыстар олимпиадалық жүйе бойынша «Кимонодағы АРБ» және «Кимоносыз АРБ» екі бөлімде өтеді.

Жалпыкомандалық медальдік есепте Қазақстан құрамасының өкілдері екінші орын алды.


Қостанай автомобиль зауытының тағы бір өкілі Еламан Башкентаев Муай-Тай бойынша Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бүгін зауыт қабырғасында спортшыларды «СарыаркаАвтоПром» зауытының директоры Сырым Семейбаев құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.

Ол алғысын білдіріп, спортшыларға одан әрі табыстар мен жетістіктер тіледі.

«Сіздер еңбекқорлық пен табандылықтың жарқын үлгісісіздер. Бұл үлкен мақтаныш, сіздер спортпен шұғылданасыздар және салауатты өмір салтының қағидаларын насихаттайсыздар. Сіздерге алдағы уақытта спорттық табыстар мен жетістіктер тілеймін!»,- деді С. Семейбаев.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС баспасөз қызметі